Қазақстан · Қырғыстан · Моңғолия

Өлкеңізді
әлемге
танытыңыз

Қонақтарды қабылдаңыз, өз ісіңізбен бөлісіңіз немесе өлкеңізде туризм мен iCaravan қауымдастығын дамытуға көмектесіңіз.

Әркім өзіне сай жолмен қатыса алады.

Жаңа таныстықтар
Қосымша табыс
Өңірді дамыту
Местные жители и хосты iCaravan встречают гостей
iCARAVAN ДЕГЕН НЕ

iCaravan саяхатшыларды жергілікті адамдармен байланыстырады

iCaravan арқылы саяхатшылар Хосттарды, туристерге арналған қызметтерді, жергілікті тәжірибе мен іс-шараларды табады.

Хост

Хост — қонақ қабылдаушы: саяхатшыларды өз үйінде қонақ ретінде қабылдайтын жергілікті адам немесе отбасы.

Қызметтер

Cаяхатшыға жолда қажет болатын пайдалы жергілікті қызметтер.

Жергілікті тәжірибе мен іс-шаралар

өлкені жергілікті адамдар арқылы танып-білу мүмкіндігі.

iCaravan-ның жүрегінде — жергілікті адамдар.

Мен қалай қатыса аламын?
өз рөліңізді таңдаңыз

Сіз қалай қатысқыңыз келеді?

Қазір өзіңізге сай келетін нұсқаны таңдаңыз. Өтінімде бірнеше нұсқаны таңдауға болады.

Хост — қонақ қабылдаушы

Саяхатшыларды өз үйіңізде қонақ ретінде қабылдаңыз.

Таңдау

Қызмет ұсыну

Гид, көлік, трансфер және басқа пайдалы қызметтер.

Таңдау

Жергілікті тәжірибе мен іс-шаралар ұсыну

Өз өлкеңізде білетініңізді, істей алатыныңызды және жақсы көретініңізді көрсетіңіз.

Выбрать

Қауымдастыққа көмектесу

Жергілікті адамдарды шақырыңыз, iCaravan туралы айтыңыз және өз өлкеңізде туризмнің дамуына көмектесіңіз.

Таңдау

Қай нұсқаны таңдарыңызды білмейсіз бе?

Байланыс дерегіңізді қалдырыңыз — біз көмектесеміз.

Таңдауға көмектесіңіз
Хозяйка принимает путешественников за столом
04.1
РОЛЬ · ХОСТ

Саяхатшыларды өз үйіңізде қабылдаңыз

Арнайы қонақүйдің болуы міндетті емес. Өз үйіңіз, қонақтарға арналған бөлек үй немесе жеке бөлме де жарайды.

Не маңызды

  • Қауіпсіз орын
  • Тазалық
  • Қонақжайлылық
  • iCaravan ережелерін сақтау

Бұл не береді

  • Туризмнен қосымша табыс
  • Жаңа адамдармен танысу
  • Өз өлкеңізді көрсету мүмкіндігі
РОЛЬ · қызмет

Саяхатшылар сіздің қызметіңізді оңай тапсын

Егер туристер мен саяхатшыларға пайдалы қызмет көрсетсеңіз — оны iCaravan-ға қосыңыз.

Тур-гидтер Көлік және трансфер Автосервис және ТҚС ЖҚС Дәріханалар Дүкендер мен базарлар Кафе мен мейрамханалар
Туристические услуги и маршруты iCaravan
04.2
Впечатления и путешествия с iCaravan
04.3
РОЛЬ · Тәжірибе немесе іс-шара ұсыну

Білетініңізді және жақсы көретініңізді көрсетіңіз

Табиғат, атпен серуендеу, ұлттық тағамдар, қолөнер, тарих және жергілікті өмір туристер мен саяхатшылар үшін ерекше тәжірибеге айналуы мүмкін.

Сіз үшін күнделікті нәрсе басқа адам үшін ұмытылмас тәжірибе болуы мүмкін.

РОЛЬ · қауымдастық

Өз өлкеңізде туризмді дамытуға көмектесіңіз

iCaravan-ды жақсы Хосттармен, жергілікті кәсіпкерлермен және қызықты адамдармен таныстырыңыз. Платформа туралы жергілікті тұрғындар мен саяхатшыларға айтыңыз.

Жергілікті қатысушыларды табуға

Хосттарды, гидтерді, шеберлерді және кәсіпкерлерді табу

iCaravan туралы айту

Парақшамен, қолданбамен және платформаның мүмкіндіктерімен бөлісу.

Өз өлкеңізге үлес қосу

Саяхатшыларды жергілікті адамдармен, қызметтермен, тәжірибе және іс-шаралармен байланыстыру

Сообщество участников и развитие туризма iCaravan
04.4
не үшін бұл маңызды

Сіз үшін үйреншікті нәрсе саяхатшы үшін ерекше болуы мүмкін

Сіздің үйіңіз. Дәстүрлеріңіз. Табиғатыңыз. Ісіңіз. Тарихыңыз. Күн сайын айналаңызда жүрген нәрселер саяхатшының есінде өмір бойы қалуы мүмкін.

Әр жердің көрсететін ерекшелігі бар. Туризм саласында жұмыс істеу немесе туристік бизнеске ие болу міндетті емес.

Шетелден келген саяхатшылар

Өлкеңіздің шынайы өмірін жергілікті адамдар арқылы көргісі келеді.

Өз елінде саяхаттайтын адамдар

Жаңа жерлерді, мәдениет пен табиғатты жергілікті адамдар арқылы танығысы келеді

саяхатшы
жергілікті адам
нағыз ауыл тәжірибесі
Бастауға көмектесеміз

Бастауға көмектесеміз

Жергілікті адамдар

iCaravan жергілікті тұрғындар мен саяхатшыларды біріктіреді.

Команда қолдауы

iCaravan командасы келесі қадамдарда сізге көмектеседі.

Түсінікті процесс

Өтінімнен бастап қонақ қабылдауға, қызмет немесе жергілікті тәжірибе мен іс-шара ұсынуға дайын болғанға дейін.

Қалай бастаймын?

Бастау оңай

Қалай қатысқыңыз келетінін таңдаңыз.

Қысқа өтінім қалдырыңыз.

Өзіңіз туралы қосымша мәлімет беріңіз — команда оны қарап, сізбен байланысады.

ҚЫСҚА ӨТІНІМ · 1-ҚАДАМ

iCaravan-ға қосылыңыз

Қадам 1/2: Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Бұл шамамен бір минут алады

1 / 2

Осы форманы толтырып, жіберу арқылы сіз жеке деректерді өңдеу шарттарымен келісесіз, Құпиялылық саясаты және Пайдаланушы келісімі.

2-РАУНД · РӨЛ: ХОСТ

iCaravan профиліңізді жасайық

Үйіңіз туралы бірнеше сұраққа жауап беріңіз. Осы ақпарат арқылы біздің команда саяхатшыларға арналған профиліңізді дайындай алады.

1. Орналастыру
2. Ыңғайлылықтар
3. Қабылдау
4. Өлкеніңіз
5. Баға

1-қадам. Үй және орналастыру

2-қадам. Ыңғайлылықтар мен жол

3-қадам. Қонақтарды қабылдау және тамақтану

4-қадам. Өлкеніңіз және іс-шаралар

5-қадам. Баға, тәжірибе және ақпарат

2-РАУНД · РӨЛ: ҚЫЗМЕТТЕР

Саяхатшыларға пайдалы қызметтерді табуға көмектесіңіз

Біз саяхатшыларға таныстыра алуымыз үшін қызметіңіз туралы аздап айтып беріңіз.

2-РАУНД · РӨЛ: ӘСЕРЛЕР

Саяхатшыларға өлкеңізді ерекше ететін нәрселерді көрсетіңіз

Қолөнер, асхана, музыка, табиғат немесе бөліскіңіз келетін салт-дәстүрлер.

2-РАУНД · РӨЛ: ҚАУЫМДАСТЫҚ

Өлкеңізді әлемге ашуға көмектесіңіз

Өзіңіз туралы және аймағыңызда туризмді қалай бірге дамыта алатынымыз туралы аздап айтып беріңіз.

Рақмет! Өтінішіңіз қабылданды.

iCaravan менеджері профильді растау үшін сізбен WhatsApp арқылы байланысады.

iCaravan қосымшасын жүктеп алыңыз:

Саяхатшылар көзімен

iCaravan-ға саяхатшының көзімен қараңыз

iCaravan-ды жүктеп алып, саяхатшылар өлкеңізде Хосттарды, жергілікті қызметтерді, тәжірибе мен іс-шараларды қалай табатынын көріңіз.

Интерфейс мобильного приложения iCaravan
Өз ауылыңызда немесе өлкеңізде туризмнен қалай табыс табуға болады?

Саяхатшыларды Хост ретінде қабылдап, пайдалы қызметтер немесе жергілікті тәжірибе мен іс-шаралар ұсынып, қосымша табыс табуға болады. iCaravan жергілікті адамдарға туризмге қатысып, өз өлкесін саяхатшыларға танытуға көмектеседі.

Саяхатшыларды үйіңізде қабылдап, қалай қосымша табыс табуға болады?

Егер қонақ қабылдауға қолайлы жеріңіз болса, iCaravan Хосты болып, саяхатшыларды қонақ ретінде қабылдай аласыз. Бұл өз үйіңіз, қонақтарға арналған бөлек үй немесе жеке бөлме болуы мүмкін. Ең бастысы — қауіпсіздік, тазалық және қонақжайлылық.

Қонақүйсіз-ақ туризмнен қосымша табыс табуға бола ма?

Иә. iCaravan-ға қатысу үшін қонақүй қажет емес. Үйде қонақ қабылдауға, қызмет немесе жергілікті тәжірибе мен іс-шаралар ұсынуға болады.

Туристерді үйіңізде қалай қабылдап, iCaravan Хосты болуға болады?

Хост ретінде қатысуды таңдап, өтінім қалдырыңыз. iCaravan командасы келесі қадамдардан өтуге және саяхатшыларды қабылдауға дайындалуға көмектеседі.

Егер бұл қонақүй болмаса да, туристерді үйіңізде қабылдауға бола ма?

Иә. Егер орын қауіпсіз, таза және iCaravan ережелеріне сай болса, өз үйіңіз, қонақтарға арналған бөлек үй немесе жеке бөлме саяхатшыларды қабылдауға жарайды.

Ауыл туризмі деген не және жергілікті тұрғындар оған қалай қатыса алады?

Ауыл туризмі саяхатшыларға сол жерде тұратын адамдар арқылы жергілікті өмірмен, мәдениетпен, табиғатпен және дәстүрлермен танысуға мүмкіндік береді. Жергілікті тұрғындар қонақ қабылдап, қызмет, тәжірибе және іс-шаралар ұсына алады.

Ауылда немесе өз өлкеңізде туризмнің дамуына қалай көмектесуге болады?

Саяхатшыларды қабылдауға, жергілікті қызметтер, тәжірибе мен іс-шаралар ұсынуға, iCaravan туралы айтуға немесе басқа жергілікті тұрғындарды платформаға қосылуға шақыруға болады.

iCaravan-ға туристерге арналған қандай қызметтерді қосуға болады?

Гид қызметін, көлік пен трансферді, автосервис пен ТҚС-ты, ЖҚС-тарды, дәріханаларды, дүкендер мен базарларды, кафе, мейрамханаларды және саяхатшыларға пайдалы басқа қызметтерді қосуға болады.

Жергілікті гид iCaravan арқылы саяхатшыларды қалай таба алады?

Жергілікті гид өз қызметін iCaravan-ға қоса алады. Сонда саяхатшылар оны басқа жергілікті қызметтермен, Хосттармен, тәжірибе және іс-шаралармен бірге таба алады.

Кәсіби гид болмасам да, жергілікті тәжірибе немесе іс-шара ұсына аламын ба?

Иә. Егер өлкеңіздің табиғатын, тарихын, мәдениетін, ұлттық тағамдарын, қолөнерін немесе жергілікті өмірін жақсы білсеңіз, соған сай тәжірибе немесе іс-шара ұсына аласыз.

Көлік, трансфер немесе өз жергілікті бизнесімді қоса аламын ба?

Иә. Егер қызметіңіз саяхат кезінде адамға пайдалы болса, оны iCaravan арқылы ұсынуға болады. Бұл көлік, трансфер, жөндеу, тамақтану, дүкен немесе басқа жергілікті қызмет болуы мүмкін.

Ауылда жергілікті тәжірибе, іс-шаралар және қызметтер арқылы қалай қосымша табыс табуға болады?

Ауылда қосымша табысты тек қонақ қабылдаудан ғана емес, атпен серуендеу, жергілікті тағамдар, қолөнер, көлік, гид қызметі және өлкеңіздегі басқа мүмкіндіктерді ұсыну арқылы да табуға болады.

Қазақстанда, Қырғызстанда немесе Моңғолияда ауыл туризмін қалай дамытуға болады?

Ауыл туризмін дамыту жергілікті адамдардан басталады. Хосттар, гидтер, кәсіпкерлер, шеберлер және басқа тұрғындар саяхатшыларды қабылдап, қызметтер, тәжірибе мен іс-шаралар ұсынып, өз өлкесінің мәдениеті мен табиғатын көрсете алады.

Өз өлкеңізді саяхатшыларға қалай көбірек танытуға болады?

iCaravan-ға жергілікті Хосттарды, қызметтерді, тәжірибе мен іс-шараларды қосып, платформа туралы басқаларға айтыңыз. Жергілікті қатысушылар көбейген сайын, саяхатшылардың өлкеңізді танып-білу мүмкіндігі де артады.

Үйім, бизнесім немесе туристік қызметім болмаса да, iCaravan-ға қатыса аламын ба?

Иә. Сіз iCaravan қауымдастығына қосылып, команданы Хосттармен, гидтермен, кәсіпкерлермен және басқа жергілікті адамдармен таныстырып, өз өлкеңізде туризмді дамытуға көмектесе аласыз.

Саяхатшылар жергілікті Хосттарды, гидтерді, қызметтерді, тәжірибе мен іс-шараларды қалай таба алады?

iCaravan қолданбасы арқылы саяхатшылар әртүрлі жерлерден жергілікті Хосттарды, қызметтерді, тәжірибе мен іс-шараларды таба алады. Сондай-ақ кездескен саяхатшымен қолданбаны бөлісе аласыз.

iCaravan жергілікті адамдардан басталады

Қонақтарды қабылдаңыз, қызметтер ұсыныңыз, өз өлкеңізді көрсетіңіз немесе жергілікті туризмді дамытуға көмектесіңіз. Сіздің арқаңызда өлкеңіз саяхатшыларға жақындай түседі.

Хост Бизнес / қызмет Жергілкті тәжірибе iCaravan қауымдастығы